Сабағың нашар болса, оның себебін төменгі тізімнен табуың мүмкін:
1. Мұғалімнің саған көзқарасы. Егер сен тәртібі нашар, гигиенаны ұстанбайтын, салақ оқушы болсаң, әрине, сені ешкім жақтыра бермейді.
2. Уақытыңды дұрыс жоспарлай алмайсың. Кешке дейін достарыңмен қыдырып жүрсең, үй жұмысын жасап үлгермейтінің анық. Ал таңертең оны жазып үлгеруің екіталай.
3. Сабақ үстінде сенің бар назарың басқа жақта лағып жүргенін мұғалім байқайды. Сен байқамайды деп ойлайсың, бірақ бұл айдан анық көрініп тұрады. Ең дұрысы, бар зейініңді бұрып, сабақты мұқият тыңдау.
4. Істеу керек затты кейінге қалдырасың. Үй жұмысын сосын істеймін, сосын істеймін деп жүргенде қалай түн болып кеткенін байқамай қаласың. Сол күйі келесі күнге еш дайындықсыз барасың.
5. Материалды түсінбей, жай ғана жаттап алуға тырысасың. Бұл сабақ оқудың ең тиімсіз тәсілі, себебі жаттанды ақпарат миыңда ұзақ мерзімге сақталмайды.