Қазақша посттар
2022-08-03 11:35 Пайдалы кеңестер

Мақсатқа жетудің 6 қағидасы

1. Мақсат – айқын және нақты болуы керек. Қанша уақытта, қалай қол жеткізетініңді ойла. Мысалы, машина алуды мақсат етіп қойсаң, оның түсін, маркасын, жылын, қанша уақытта, қай жерден алатыныңды анықтап ал.


2. Мақсатыңа байланысты карта немесе альбом жаса. Оның суреттерін жинап, үнемі көз алдыңда тұратын жерлерге іліп қой. Суретке қараған сайын өзіңді сол мақсатқа жеттім деп елестет және қандай күй кешетініңді ойла.


3. Мақсатына жеткен адамдармен аралас. Биік шыңдарға жетелейтін жандарды жаныңа жолдас ет. Олар саған өз дегеніңе жетер жолда көмектесіп, тәжірибесімен бөліседі.


4. Мақсатыңмен дерттен. Кәдімгі физологиялық ауру емес. Мақсатқа жету жолын ойлап, істеген іс-әрекетіңе есеп беріп, ойша елестету.


5. Қорқыныштарды алып таста. Ойыңнан «Мен ондай бола алмаймын, оған қол жеткізу қайда?» дегенді алып таста. Адам өзі не ойласа сол болады. Ойыңда тек жақсы істерді ойлап, оған жету жолында ешқашан қорқынышқа бой алдырма.


6. Жалқаулыққа жол берме. Өз мақсатыңа жетем деген соң оған жоспарлы түрде әрекет ет. «Бүгін қоя берші, ертең істей саламын» деген болмайды. Бір істі бастап екіншіге көшкен тағы қажет емес. Ойыңдағының бәрін бір жүйеге салып жоспар жаса және оны іске асыруда жалқаулық танытпа. Армандар орындалады, мақсаттар айқын болса!