Ал ұзақ мерзімді мақсаттарды орындауға біраз уақыт кетеді. Өйткені оған көп күш, жігер қажет. Ұзақ мерзімді мақсаттың орындалуын оңай ету үшін бірнеше қысқа мерзімді мақсатқа бөлуге болады. Мысалы, жаңа шет тілін үйрену, бір мамандықты игеру, спортсмен болу, үй салу, т.б.)
Барлық адам ұзақ мерзімді мақсатты орындай бермейді. Себебі қиын. Сенімділік жетіспейді. Сондайда қысқа мерзімді мақсаттардың біз білмейтін орасан күші бар. Ұсақ мақсаттарды орындау оңай. Оны орындаған сайын сенімділіктің ағашы бір талдап өсе береді. Күн сайын бірнеше мақсатты бітірсең, айына жүздеген ағаш өскенмен тең. Бірнеше айда орман болады. Демек, сенің сенімділігің де көбейді. Жігерің де мол. Енді үлкен мақсаттарды орындауға дайынсың деген сөз. Үлкен мақсатты орындағанда үлкен шабыт туады. Сенің миың қолымнан бәрі келеді деген режимге көшіп алады.