Әскери кафедраның қандай пайдасы бар?
Әскери кафедраға студенттер өз қалауымен түседі, ал аяқтаған студенттерде әскери офицерлік запасқа қабылданады. Негізі запасқа алыну үшін әскерден өту керек екенін білеміз, ал әскери кафедраны аяқтаса, әскерден өтудің қажеттілігі жоқ.
Әскери кафедраны аяқтап, барлық емтихандарынан сүрінбей өткен студенттер ЖОО-н тәмәмдаған соң әскери билет алып, «запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант» әскери атағына ие болады.
Әскери кафедраға қалай түсуге болады?
Студенттің жасы 27-ден кіші болған жағдайда Жоғары Оқу орны басшысының атына өтініш жазып, іріктеуден өту арқылы әскери кафедраға тапсыра алады. Оқу 1 немесе 2-курстан басталады да, студент ЖОО-н аяқтағанша жалғасады.
2015 жылдан бастап әскери кафедрада қыз балалар да білім ала алады. Олар әскери кафедраға түсу үшін медициналық тексерістен өтіп, физикалық нормативті және психологиялық тестілеуден өтеді.
Әскери кафедра тегін бе?
Жоғары Оқу орнында грантта оқитын студенттер әскери кафедрадан тегін өте алады. Ал ақылы бөлімде оқитындар, сәйкесінше, әскери кафедрадан да ақылы өтеді.
Қай ЖОО-да өтуге болады?
Қазақстан бойынша 36 университетте әскери кафедра бар. Егер сенің университетіңде әскери кафедра жоқ болса, басқа университетпен келісіп, ақылы түрде сонда әскери кафедрадан өте аласың.
Қай университеттерде әскери кафедра бар екенін білу үшін приложениедегі ЖОО бөліміне өтіп, университет ішіне кірсең, әскери кафедра бар-жоғын біле аласың.