1. Креативті адамдар энергияға толы әрі мұқият жандар.
Шығармашылыққа бет бұрған адамдар өздеріне қызық істі толық меңгермейінше, жұмыс жасауды жалғастыра беруге дайын. Бұл олардың тым гипербелсенді екендіктерін білдірмейді. Керісінше, бір іспен ұзақ уақыт айналысу арқылы олар өздерімен-өзі болып, ішкі ойларын сыртқа шығарып, медитациямен айналысады.
2. Креативті адамдар ақылды және тәртіпке қатты берілген жандар.
Өздерінің сүйікті ісімен айналысу арқылы креативті адамдар көбіне перфекционист болып келеді. Олар бастаған істеріне көңілдері толмайынша, ары қарай еңбектеніп, жұмыс істеуді тоқтатпайды. Себебі шығармашылықпен айналысу - үлкен шыдамдылық пен табандылықты талап етеді.
3. Креативті адамдар армандағанды жақсы көретін реалистер.
Суретшілер, музыканттар және жазушылар армандағанды жақсы көреді. Олар өз фантазияларына сүңгіп, терең ойланғанды ұнатады. Бірақ сонымен қатар олар реалистерге де жатады. Көбіне креативті адамдар ғана әлемдік мәселелердің кретивті және оригиналды жолдарын ұсына алады.
4. Креативті адамдар өз істерін қатты жақсы көреді.
Олар өз істерін жақсы көретіні сонша, тіпті, сол үшін критика естуге де дайын. Өз шығармасын жақсартуға тырыспайтын жазушы бола ма? Әрине, жоқ, шығармашылықты жақсы көретін барлық адам өз ісіне жауапкершілікпен қарап, оны барлық критериялар бойынша сынап, содан кейін ғана барып, көпшіліктің назарына ұсынады.
Ал сен креативтісің бе?