Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Қазақ әдебиеті: үздік 4 шығарма 📖

«Жабайы алма» С.Мұратбеков

Екінші Дүниежүзілік соғыспен тұспа-тұс келген, балалық шақтың қайран күндері баяндалады. Оқырманның тіл байлығы мен кітапқа деген құлшынысын арттырады.


«Ұшқан ұя» Б.Момышұлы

Әжесінің аузынан естіген әртүрлі әңгімелерді ұйып тыңдап өскен бала Бауыржанның қазақ дәстүрін, руханиятының көркемдігін бір ғана шығармамен жеткізе білген.


«Ай мен Айша» Ш.Мұртаза

Шер ағаның шерлі туындысын әр қазақ оқуы тиіс. Қазақ әйелінің төзімділік пен қайсарлығын сипаттайтын туындының оқырманға берері мол.


«Өлгендер қайтып келмейді» Б.Соқпақбаев

«Өлетін тек адам ба? Іске аспаған арман, қол жетпеген мақсат, үзілген үміт... Осының бәрі өлген емей немене?» кітап атауына байланысты автордың пікірі. Ендеше неге бұл тақырыпқа ие болғанын түсіну үшін сен де осы кітаппен дос болсаң артық етпес.