Стив Джобстың қанатты сөздері
- Уақыт - шектеулі. Сондықтан өміріңді бағала және өзгелердің өміріңе араласып, кедергі келтіруіне жол берме.
- Бастысы 12 сағат жұмыс істеу емес, бастысы баспен жұмыс істеу.
- Саған "Сенің қолыңнан келмейді" деп айтқандардың біреуін де тыңдама.
- Кейде өмір бәрімізді соққыға жығып, сүріндіріп жатады, бірақ сонда да өз-өзімізге сенуді тоқтатпауымыз керек.
- Бірде-бір қателік жасамастан жеңіске жеткен адам жоқ. Сан рет қателесіп, сүрінген, бірақ соңында қайта тұрып, қателіктерін дұрыстай алған адамдар бар. Мен сол адамдардың қатарына жатамын.
- Алға қарай нық қадам жасасаң болды, мүмкіндіктер алдыңнан өздері-ақ шыға келеді.
- Өз іздегеніңді таппайынша, іздеуді тоқтатпа. Табанды бол, басқаша ойла, сенің қолыңнан келеді!