Уақыт - шектеулі. Сондықтан өміріңді бағала және өзгелердің өміріңе араласып, кедергі келтіруіне жол берме.
Бастысы 12 сағат жұмыс істеу емес, бастысы баспен жұмыс істеу.
Саған "Сенің қолыңнан келмейді" деп айтқандардың біреуін де тыңдама.
Кейде өмір бәрімізді соққыға жығып, сүріндіріп жатады, бірақ сонда да өз-өзімізге сенуді тоқтатпауымыз керек.
Бірде-бір қателік жасамастан жеңіске жеткен адам жоқ. Сан рет қателесіп, сүрінген, бірақ соңында қайта тұрып, қателіктерін дұрыстай алған адамдар бар. Мен сол адамдардың қатарына жатамын.
Алға қарай нық қадам жасасаң болды, мүмкіндіктер алдыңнан өздері-ақ шыға келеді.