Қазақша посттар
2022-04-02 13:28

Университетті қалай таңдау керек?

Мамандық таңдаған соң, екінші маңызды шаруа – ЖОО таңдау


Білімің сапалы болу үшін, уақытың өнімді өту үшін, жақсы достар табу үшін, жақсы пайда табу үшін дұрыс оқу орнын таңдау өте маңызды. ЖОО таңдау барысында ескеретін бірнеше факторды атай кетейік.

Таңдаған білім ордасы өз түлектерінің жұмысқа орналасуына қаншалықты ат салысады, соны білу. Оны қалай білеміз, университет әртүрлі әрі компаниялармен келісімшарт жасасқан ба? Бірлескен жобалары бар ма? деген сұрақтарға жауап іздеу керек.



Сен таңдаған мамандық қай университетте мықты, соны іздеп көр. Көп жағдайда өте көп бағытта оқытатын мемлкеттік университет емес бірнеше бағытта ғана оқытатын жекеменшік оқу орындары жақсырақ болып жатады.

Жұмыс берушінің сұранысына ие университетті таңдауға тырысу.



Жатақханасы бар ма? Өйткені пәтер жалдап тұру бәріне қолжетімді емес.



Әскери кафедрасы бар ма, соны білу керек.






Шетелде оқуға мүмкіндік беретін бағдарламасы бар ма, соны білу керек. Бұл арқылы сен 2 диплом алып шыға аласың. Төрт жыл оқудың екі жылын шетелде оқи аласың.






Ең дұрысы, сол ЖОО-да оқыған адамнан кеңес сұрау керек.