Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Ойын неге тамақ пен ұйқыны ұмыттырады? 🎮

Купондарды білетін шығарсың? 10%-дық немесе 15%-дық, кейде тегін қатысуға мүмкіндік беретін купондар бар. Ғылымның зерттеуінше, адамдар купонды қолдану арқылы бәрібір үнемдемейді екен. Ендеше неліктен купондарға құмар? Себебі купонды қолданған кезде адамда ләззат сезімі бөлінеді. Яғни, дәл осы сезімге окситоцин гормоны бөлініп, адам өзін едәуір маңызды сезініп, қуанып қалады екен. Қай брендтің купонын қолдансаң, соған махаббатың арта береді. Осыны жақсы түсінген алып компаниялар купон сыйлаудан аянбайды.


Миссия орындайтын, тиын жинайтын ойындарды әлі ойнап жүрген боларсың? Бұл да купон сияқты адамға рақат сезімін сыйлайды. Тиының көбейген сайын сезінетін қуанышың да арта береді. Сол үшін сағаттап ойын ойнаудан жалықпайсың. Тамақ ішу, ұйықтауды, сабақ оқуды кейінге қалдыра бересің. Таныс сезім бе?


Ал сабақты ойын сияқты өткізсе, қалай болады? Мысалы, әр сабақты өткен сайын саған баға емес, жұлдыз берсе! Жұлдызды жинап, көбейте аласың. Сабақты оқымасаң, жұлдыз жоқ. Сабақты оқып, тапсырманы орындасаң, тағы бір жұлдыз қосып аласың. «Сізге бір жұлдыз берілді» деген смс шыққанда, мәз боласың. Окситоцин гормоны бөлініп, айналаңа «көрдіңдер ме менің қандай мықты екенімді» дегендей қарайсың. Керемет емес пе? Мұндай сабақтан жалықпайсың. ҰБТ-ға да жақсы дайындалар едің.

Сенің бақытыңа орай, мұндай оқыту жүйесі бар. Ол – JOO.kz курсы. Система қанша жұлдыз жинасаң грантқа түсетініңді есептеп береді. Әрі қарай жұлдыз жинау процесі ғана қалады. Мақсатқа жақындаған сайын сабақ оқу деген қызықты ойын боп қалады. ҰБТ-ға дайындалуға оңай жол тұрғанда, қиын жолды таңдап қажеті не?

Курс туралы толық ақпарат МЫНА сілтемеде.