Қазақша посттар
2022-07-28 09:46 Пайдалы кеңестер

Ақылы ҰБТ мен тегін ҰБТ-ның айырмашылығы неде?

Қаңтар ҰБТ-сы ақылы болғанын бәріміз білеміз. Ал Маусым ҰБТ-сы мектеп оқушыларына тегін болады.

Айырмашылық неде?


Қаңтар, Наурыз және Тамыз ҰБТ-сының сертификаттары университетке ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.

Маусым ҰБТ-сының сертификаты грант конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың арасында жиі кездесетін қате пікір: «Мен Наурыз ҰБТ-ны тапсырсам Қаңтар ҰБТ-ның нәтижесі жойылып кетеді».


Оқушы 4 ҰБТ-ны тапсырса, сол 4-еуінің де нәтижесі келесі оқу жылына дейін сақталады. Сәйкесінше, оқуға түсерде өзі қалаған сертификатты қолдана алады.

ҰБТ-ның нәтижесін біздің приложениеден көруге болады. Ол үшін өз профиліңе кіріп, ЖСН (ИИН) енгізу керек.

Бәріңе Наурыз ҰБТ-да сәттілік! 🧡