Медитация - стресстен, ішкі қорқыныштар мен қобалжудан арылудың ең тиімді әрі қолжетімді жолы.
Әлемге әйгілі тұлғалардың көбі медитация жасауды өздерінің күн тәртібіне енгізу арқылы күйгелектік, сенімсіздік секілді денсаулыққа қатысты проблемалардан арылғандықтарын мойындайды.
2. Арманыңа ұмтылу
Өзің қалағандай өмір сүруге сенің толықтай құқығың бар. Сондықтан өзге адамдардың пікірі мен кеңестерінен гөрі өз қалауларыңа көбірек құлақ түруге тырыс. Ең бастысы, қандай жағдай болса да берілме және арманыңа ұмтылуды тоқтатпа!
3. Өз-өзіңді жақсы көру
Кез келген адам өзгелерден бұрын ең алдымен өз-өзін жақсы көре білуі керек. Өз-өзіңді жақсы көру дегеніміз - өзіңді қандайсың сол қалпыңда қабылдап, денсаулығыңа немқұрайлы қарамауды білдіреді. Сондай-ақ жан дүниеңді өкпе-реніш, ыза-кек секілді нәрселерден таза ұстау да, өз-өзіңе деген сыйластықтың бір белгісі.