Қазақша посттар
Мына 3 нәрсені құпияда ұста
Пайдалы кеңестер

Мына 3 нәрсені құпияда ұста

1. Мақсатыңа жетіп, арманыңды орындамайынша, жоспарларыңды ешкімге айтпа. Бір адамға сыр ашып қойсаң, оның дүйім елге жайылатынын өзің де білесің.


2. Біреуге көмектесіп, қайырымдылық жасасаң, ол туралы да жарияға жар салма. Жақсы іс істедің бе? - жарайсың! Бірақ сол жақсылығыңды біреуге айтып, мақтанудың түк қажеті жоқ. Мақтаншақтық ешкімге ешқашанда абырой әкелген емес.


3. Өзіңнің жеке өмірің мен денсаулығыңдағы ерекшеліктер жайлы кез келген адамға айта берме. Барлығына бірдей сенуге болмайды, сондықтан ең жақын деген адамдарыңа ғана айтуға тырыс.