1. Өз ойларыңа, сөздеріңе және іс-әрекеттеріңе жауапкершілікті өзің алып үйрен. Сен басқа адамдардың жасаған іс-әрекеттеріне жауап беруге міндетті емессің. Сондықтан тек өзіңе ғана жауап беруге тырыс📌
2. Сенің қателесуге және оларды түзетуге толық құқығың бар. Ешкім де мінсіз емес, сол үшін қателік жасаудан еш қысылма📌
3. Өзгелерге ұнайтын нәрсе, саған да ұнауы керек деген заң еш жерде жазылмаған. Сондықтан тек өзіңе ұнайтын, қызығатын іспен ғана айналыс📌
4. Сен өзің дұрыс деп тапқан кез келген шешімді қабылдай аласың. Сондықтан басқаларға сенің шешімің ұнай ма, ұнамай ма, оған бола басыңды ауыртпа📌
5. Ешкімнен ештеңе күтпей, тек өзіңе ғана арқа сүйе. Сондай-ақ өз ойыңды, пікіріңді жасқанбай, ашып айтудан қорықпа📌