Қазақша посттар
2022-04-04 12:00
Сұрақтарыңа жауап жаздық!
Сұрақ-жауап айдары
Сұрақ-1:
Грант конкурсы нәтижесін қайдан білеміз?
Жауап:
Нәтижесі шыққанда біз хабарлаймыз. Қай сайттан көруге болатынын пост ретінде шығарамыз.
Сұрақ-2:
Грант конкурсы 15-іне дейін шығатынын білем. Бірақ қашаннан бастап шығады? Біреуі бірінен бастап дейді, біреуі онынан дейді.
Жауап:
Барлық оқушынікі бір күнде шығады. Бөлек-бөлек емес.
Сұрақ-3 :
Результат нақты қашан шығады, қайдан көреміз?
Жауап :
Шыққанда біз жариялаймыз қайдан көруге болатынын. 15-іне дейін белгілі болады.
Сұрақ-4 :
Әкімдік гранттар және универлер бөлетін гранттар туралы шығарсаңыздар!
Жауап :
Басталғанда жариялаймыз.
Сұрақ-5 :
1 курс онлайн бола ма әлде офлайн ба?
Жауап :
Оны оқуға түскен университетіңнен сұрайсың
Сұрақ-6 :
Әкімдік грантқа жалпы гранттың жауабы шықпай тұрып тапсыруға бола ма? Жалпы грант конкурсына кедергі келтірмейді ме?
Жауап :
Кедергі келтірмейді.
Сұрақ-7 :
App test center арқылы грантқа түспеген түспегенімізді біле аламыз ба?
Жауап :
Белгілі болған уақытта айтамыз.
Сұрақ-8 :
Бұрынғыдай тегін тест тапсыратын қосып қойсаңыздар!
Жауап :
Осы айда қосамыз.
Сұрақ-9 :
Статустық бетке кіргенде 404 деп шығады, неге?
Жауап :
Біз білмейміз.
Сұрақ-10 :
Август ЕНТ бола ма? Қашан?
Жауап :
Иә болады.