Жоғары сыныпта оқып жүргендердің уайымы осы шығар. Мамандық көп, сені қызықтыратындары да жеткілікті, бірақ бір бағытты таңдау керек. Бұл мәселені қалай шешеміз?
1. Ең бастысы, басқаның ойына мән берме. Бір мамандықты қоғам төмен бағалауы мүмкін, менсінбеуі мүмкін. Бірақ бұл маңызды емес, себебі кейін сол маман иегері атанатын олар емес, сен. Егер саған ұнаса, кез келген мамандықты таңдауға хақың бар.
2. Дәл қазір сұранысқа ие мамандықтарды таңдау міндетті емес. Егер сен бір саланың мықты маманы болсаң, сен қалай да болсын жетістікке жетесің, сұраныс та болады, атақ та болады. Бастысы бір іске бар ынтамен берілу.
3. Ата-анаңның бұрынғы арманы болған мамандықты таңдау да міндетті емес. Олардың өз өмірі бар, сенің өз өмірің бар. Ал егер саған қысым жасап жатса, бұл мәселені бірге отырып шешу керек.
4. Сен қарастырып отырған мамандық иелері немен айналысады, ол мамандықтың қандай қиындықтары бар, қандай кемшіліктері бар, осының бәрін жақсылап зертте. Тек қана артықшылықтарын біле тұра таңдай салу қате, болашақта сені бұл салада не күтіп тұрғанын білу керексің.
5. Мамандықты ғана бағаламай, өзіңді де бағала. Сен физикалық, моральдік тұрғыдан және ойлау қабілетіңмен осы мамандыққа сай келесің бе? Өзіңді-өзің алдамай, әділ баға бер.