Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Педагогикаға қай университетте жақсы оқытады?

Бұл мамандыққа түсу үшін биология және география пәндерін таңдайсың. Грант саны: 170. Шектік балл (жалпы грант): 96. Ал ауыл квотасы: 90. Бұл мамандықты бітірген адамдар психолог, педагог-психолог ретінде жұмыс істейді. Ал жұмыс орындары: балабақша, мектеп, колледж, ЖОО, профориентация орталықтары және психологты қажет ететін барлық ұлттық және жеке компаниялар.


Бұл мамандықты Қазақстанда 42 университет оқытады. Олардың рейтингін JOO.kz мобильді қосымшасындағы «Мамандықтар» бөліміне кіріп көре аласың. Танымалдары: Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б.


Психологтың айлықтары туралы бөлек әңгіме айтуға болады. Себебі біліктілігіне қарай олар өте көп алады. Қарапайым балабақша тәрбиешісі 100-200 000 тг алады. Ал психолог 150-300 000 тг көлемінде айлық алады. Ал өзі жеке-дара консультация орталығын ашса, сағаты 5000-50000 тг көлемінде болады.


Қазіргі заманда жанына тыныштық іздеген, депрессия мен стресстің шырмауынан шыға алмаған, өмірден мән іздеген адамдар өте көп. Тұрмыстық қажеттілігін өтеп, енді рухани қажеттілігін немен өтеуді білмей жүргендерге осы психолог, педагог көмектеседі.

Осы мамандықты таңдағандар бар ма?