Қазақша посттар
Мотивация

Қайда асығамыз? ⏳

Менің атам болған. Жасы 82-де еді. Төрінен көрі жақын екені айтпаса да түсінікті. Демек, мұндай адамдар аз ғана өмірде бәрін үлгеріп қалуға тиісті емес пе? Бірақ атама қарап олай айтпайсың. Ешқашан асықпайды. Бүкіл өмірі әлі алдында тұрғандай. Жұмыс істесе де, демалса да, киінсе де, оқыса да бәрін баппен істейді. Бұл не деген жайбарақаттылық деп ойлайтынмын.


Ал біз асығыспыз. Ақсақ қойдың жасындай ғұмырымыз қалғандай, бәріне үлгеруге тырысамыз. Тамақ ішсек апыл-ғұпыл ішеміз. Киінсек, жеңнен бас, мойыннан қол шығарамыз. Жұмыс істесек, бітіруге асығамыз. Бұл не деген асығыстық өзі?


Негізі керісінше болу керек емес пе? Атам асығып, жастар асықпау керек емес пе?

Сөйтсек, үлкендер өмірдің сырын әлдеқашан түсінген екен. Олар әрбір сәттен бақыт табады және бақытты болады. Құстың ұшуы, кемпірқосақтың асылуы, жаңбырдың бетке тамуы, судың сылдыры, сәбидің күлкісі, қозының маңырауы, жапырақтың сыбдыры, піскен нанның иісі – бәрінен өмірді сезіп, бағалап отырады.


Ал біз, жастар оны байқамаймыз. Қашан байқай бастасақ, бақытты қазірден қадірлеуші едік. Осыдан бір жыл бұрын дәл JOO.kz сияқты әмбебап курс жоқ еді. Осыдан 4 жыл бұрын JOO.kz мобильді қосымшасы жоқ еді. Қазір асықпай отырып, біздің курста күн сайын бір жұлдыздан жинап, ҰБТ-ға дайындала бересің. Мобильді қосымшадан күн сайын пайдалы пост оқып, шабыт аласың. Мұндай керемет дүниенің қадірін білейік.