Қазақша посттар
2022-08-03 12:58 Пайдалы кеңестер

Химиядан периодтық кестені қалай оңай жаттауға болады?

Мектеп оқушысы химияны таңдау пәні ретінде таңдамаса да, пән ретінде міндетті түрде оқиды. Ал химияны таңдағандар Менделеев кестесін көбейту кестесін білгендей білуі тиіс. Жүзден аса элементті қалай жаттап алуға болады?


1) Кестені көптеу қылып қағазға шығарып ал. Ол енді сенің бірнеше апта серігің болады. Қайда жүрсең де өзіңмен алып жүр. Бір копиясына жаттағаныңды сызып, екінші копиясымен тексер.


2) Кестені біраз жаттадым-ау деген кезде өз қолыңмен сызып шық.


3) Кестені түрлі бөлікке бөліп жатта. Ол онсыз да түрлі түске бөлінген. Бірақ сен өз қалауыңа қарай жасасаң болады.


4) Бос уақытыңда соны ермек қыл. Мысалы, көлікте отырғанда, кезек күтіп тұрғанда жаттай бер. Күніне бірнеше элементті жатта. Алдыңғы күні жаттағаныңды қайтала.


5) Ассоциация әдісін қолдан. Әр элементтің тарихын, қызықты дерегін біл. Мысалы, Аргентина атауы күміске (Argentum – Ag) байланысты қойылған. Испандықтар жағалауға келгенде күмістің мол қорын тапқан.


6) Мнемотехника әдісін қолдан. Элемент кодтарын қолданып, қызықты сөйлем не өлең жазуға болады. Be – Берік, Al – Алма, Si – сыйлық, Na – Наруто деген сияқты.


7) Визуалды суреттер әдісін қолдан. Мысалы, столға Сутек стикерін жабыстыр. Оны бомба деп ойлап, қазір жарылатынын елестет. Теледидарға Оттек стикерін жабыстыр. Оның аузы бар деп ойла, оттегімен демалып жатқанын елестет. Емтихан кезінде бөлмеңе ойша кіріп, жаңағы көріністерді есіңе түсір.


8) Одан да қызығын айтайық па? Хәрри Поттер рөлін ойнайтын актер Дэниел Редклифтің youtube-та видеосы бар. Ол Менделеев кестесін ән ретінде айтып шығады. Керек десең, оның караокесі де бар. Шабытың ашылсын, ән айтып көр.


9) Адамдар қолдан жасаған радиоактивті элементтерге қатты мән бермесең болады. Себебі оны қалай, қайда қолдануды адамзат әлі білмей жатыр. Жиі қолданылатын элементтерді алдымен жаттағаның дұрыс.

Химия пәнінен жүйрік болып, ҰБТ-да жоғары балл жинағың келсе; үздік мұғалімнен үйренгің келсе, онда JOO.kz курсына қатыс. Толық ақпарат үшін МЫНА сілтемеге өт.