1. Көңіл-күйің түсіп, бойыңды негатив жайлап кеткен кезде ештеңе істемей, құр отыру жағдайды одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан ойыңды басқа арнаға бұрып, өзіңе қуаныш сыйлайтын істермен немесе сүйікті хоббиіңмен айналысып, көңіліңді көтеруге тырыс.
2. Стэнфорд университетінің профессоры Келли Макгонигал жүргізген зерттеулер нәтижесінде стресспен күресудің ең тиімді жолы - басқаларға көмек қолын созып, қолдау көрсету екені анықталды. Өзгелерге қол ұшын созу арқылы, сен әрі басқаға пайдаң тиеді, әрі өзіңмен өзің гармонияда болып, жан дүниеңе тыныштық сыйлайсың.
3. Кейбір психологтардың айтуынша, күні бойы ренжіп, көңіл-күйің болмай жүргеннен гөрі, өзіңе күніне 30 минут арнап, сол уақытты барлық мәселелерді ойланып, оларды шешудің жолын табуға жұмсаған дұрысырақ. Жарты сағатты қалағаныңша мұңайып, уайымдауға және ішіңдегі барлық негативті шығаруға жұмса, ал уақыт біткен соң қайтадан ештеңе болмағандай, өз шаруаларыңа кірісіп кет.
Қиындық тек сенің емес, бәрінің басында болады. Сол үшін оған бола таусылма, қайта арқаңды тіктеп, еңсеңді көтер. Өзіңнің мықты адам екеніңе сенетін болсаң, ешқандай қиындық сені құлата алмайды.