1. Всегда говори да
Фильмде Карл есімді кейіпкердің тұйық, жабық мінезінен арылып, өз өмірін 180°-қа бұрғаны жайлы көрсетіледі. Фильмнің мақсаты - өміріңді жақсы жаққа өзгертуге мотивация беру және құлшынысыңды ояту. Өз-өзіне сенімсіз, өмірін толықтай өзгертуге мотивация іздеп жүрген әрбір адамға осы фильмді қарауға кеңес береміз.
2. Весна, лето, осень, зима... и снова весна
Фильмнің ерекше атмосферасы көрерменді тыныштық пен табиғат әлеміне сүңгітіп, керемет әсер сыйлайды. Фильм тек шабыттандырып қана қоймай, өмірдегі маңызды нәрселерге назар аударып, қолда барды бағалауға үйретеді.
3. Невероятная жизнь Уолтера Митти
Бұл фильм - нағыз шабыт сыйлайтын фильм. Күнделікті бір сарынды өмір Уолтердің көп армандауына себеп болып, ақырында оның өмірінде үлкен өзгерістер орын ала бастайды. Ол Гренландия, Исландия, Гималай секілді жерлерге саяхаттап, өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Нағыз еркіндік пен сенімділіктің символы болған фильм, көрерменді таң қалдырмай қоймасы анық.