Мамандық таңдайтын кезде, біріншіден, өз армандарыңды ескер. Өзгенің сөзін емес, өзіңнің мотивацияңды ізде. Қаламайтын мамандық таңдап, кейін өкініп отырғанша, саған қуаныш сыйлап, құлшынысыңды оятатын мамандық әлдеқайда артық.
Екіншіден, бойыңдағы бар қабілеттерің мен таланттарыңды ескер. Қандай іске икемдісің, қолыңнан келетін қандай да бір өнерің бар ма, осылардың барлығын міндетті түрде анықтап ал. Сондай-ақ психологиялық типіңді, мінез-құлқыңдағы ерекшеліктер мен мықты жақтарыңды да саралап, алғаның жөн.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы сұранысқа ие, болашағы жарқын мамандықтарға назар аударып, көңіліңдегі мамандық оқу бітіріп шыққан соң актуалды бола ма, соны да ескеруің керек. Ол үшін қызығушылық танытқан мамандығың туралы айтқан эксперттердің пікірлерін, сол салада жүрген адамдардың ойларын оқып, өз бетіңше анализ жүргізіп көруіңе де болады.