Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Конспектті қалай жазу керек

Конспект — сабақ процессінің ажырамас бөлігі, сол себептен бұған немқұрайлы қарамау керек. Ең басты талап — конспектті қолмен жазу керек. Иә, қазір технологиялар заманы, бірақ бәрібір кәдімгі қаламмен дәптерге жазған әлдеқайда тиімді.


Конспенктті барынша түсінікті етіп жазу керек. Сен қазір асығыс түрде, түсініксіз жазумен жаза салғанның көп пайдасы жоқ. Себебі конспекттің бастапқы мақсаты — жазылған ақпаратты болашақта қайталап оқып тұру. Ал оқу үшін жазуың түсінікті болуы керек


Жазуды дұрыстаудың көптеген тәсілдері бар. Бірақ сендерге ең негізгілерін айтып өтейік — дәптерге бастырып жазбау және асықпау. Бірақ сабақ уақытысында асықпай жазу мүмкін емес, уақыт аз, ақпарат көп.


Бұл тығырықтан шығудың жолы — қысқартулар. Егер қысқарған сөздерді ұмытып қаламын десең, конспекттің басына немесе соңына осы сөздердің толық нұсқаларын жазып шық.

Мәтінді мағына жағынан абзацтарға, түрлі блоктарға бөліп жаз. Нумерацияны ұмытпа. Маңызды жерлерін белгіле. Жалпы, барынша визуалды жағына мән бер. Әртүрлі маркерлерді қолдан, кесте және сызбалар жаса. Биология / химия пәндердінде сурет те салуыңа болады.

Біздің кеңестер сендерге көмектеседі деген үміттеміз. Жаңа оқу жылына сәттілік!