Бәріміз мінсіз (идеалды) жұмысты аңсаймыз. Оны 30 жасқа толғанда емес, 21 жаста тапқымыз келеді. Ал оның үш шарты бар:
1. Жұмыста тұлғалық даму, кәсіби өсу деген болу керек.
2. Жұмыс ұнау керек. Таңертең жұмыс деп ояну керек.
3. Жұмыс жақсы пайда әкелуге тиіс. Көп болған сайын жақсы.
Мұның ішінде ұнайтын жұмысты табу қиын. Осы маған ұнайды деп таңдаған мамандығыңда жұмыс істегеніңде, мүлдем басқаша әсер алып, ұнатпай қалуың мүмкін. Мұның шешімі екеу: ұнайтын жұмысты табу және жасап жүрген жұмысыңды ұнату.
Кәсіби өсу дегеніміз – қызмет бабымен жоғарылау.
Тұлғалық даму – компания сені ылғи дамытуға күш салады, жаңа нәрселерді үйрену үшін ақша жұмсайды.
Негізі бір жұмыста 30-40 жыл бойы жұмыс істей беруге болады. Біздің аталарымыз сөйткен. Ал қазіргі ғылымға келсек, адам араға уақыт салып, жұмысын ауыстырғаны дұрыс дейді. Адам бір салада 7-8 жыл жұмыс жасап, сосын жұмыс ауыстырса, өмірін жаңадан бастағандай күй кешеді. Бір жұмыста ұзақ істегенде тоқырау пайда болады. Ештеңе қызық емес, жаңалық жоқ сияқты күй кешеді. Әрине, әркім өзі шешеді. Тойота, Apple, Google, Амазон сияқты компанияларда ғұмыр бойы жұмыс істесең де уақытың текке өтпейтін секілді.