Қазақша посттар
Мотивация

Таңғы мотивация: дамуды тоқтатпа! 🧡

Қолымнан келмес деп қынжылудың қажеті жоқ.

Осыдан бірнеше жыл бұрынғы өзіңді есіңе алсаң, сол кездегі қиындыққа есің кетіп күлесің.


Ал сол ол кезде қаншалықты қиын болды, есіңде ме?

Иә, демек сен өстің. Ол жас бойынша емес, ол рухани. Жеке тұлға ретінде өстің. Демек, сенің қолыңнан әрі қарай даму келеді.

Сол үшін тағдырға шағымданып, өзіңді ақтауды доғар.


Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Өсетін уақытыңды бекер құртпа.

Барлығы - ол сенің әрекетіңнің нәтижесі.

Жаныңдағы жандарды жақсылыққа жетеле, өзің де сол жақсылыққа ұмтыл. Сенің кішкентай еңбегің: дамуыңның көрінісі.

Мен саған сенемін!🧡