Қазақша посттар

Will-do тізімінің көмегі қандай?

Сіз күнделікті істеу керек жұмыстардың тізімін жасайсыз ба? Бірақ оның кейде көмегі болмай, ештеңе істегіңіз келмей жалқаулыққа бой алдырып кететін кездер сізге таныс па? Ендеше бүгін біз сізге ойға алған ісіңізді уақытынан қалдырмай орындап, міндетті түрде сізге көмегі тиетін will-do тізімін құруды үйретеміз.





Бәрімізге белгілі үйреншікті тізімнің неге пайдасы жоқ десеңіз, бұның бір себебі сіз мен бұларды ертең жасауым керек, ал мына істерді мүмкін жасайтын шығармын деген оймен тізімге сансыз көп істерді тізе бересіз. Алайда келесі күні жаңағы істердің көптігі сіздің мотивацияыңызды азайтып, істердің жартысынан көбі сол күйі аяқталмай қалады. Ал will-do тізімі ондайға жол бермейді.





Сонымен will-do тізімін қалай құрамыз? Алдымен бір парақ қағаз алып, оған ертең міндетті түрде жасау керек деген 3-4 істі жазыңыз. Есіңізде болсын: бұл тізімге ертең жасаймын-ау деген күмәніңіз бар жұмыстарды мүлде жазбаңыз. Себебі will-do тізімі ең маңызды 3-4 істі 100% орындауға бағытталған.





Енді сіз тек күніне ең керек деген 3-4 істі орындайтын болған соң бұларды атқаруға сіз 10-12 сағат емес 3 сағаттай уақыт бөлсеңіз де жеткілікті.





Сонымен қатар әзірше күніне тек 3-4 негізгі істі қана жасаңыз. Себебі бұл тізім толудың орнына керісінше азая түскені дұрыс.





Бәлкім сіз бұл тізімнің жай тізімге қарағанда эффективтілігі аз деп ойлайтын шығарсыз, бірақ ойланып қараңызшы, сіз күніне ең маңызды деген істерді бітіріп, бірте-бірте еріншектіктен арылып келесіз. Барлығы өз уақытымен болады дегендей, бастапқыда 3 істен бастап, кейінірек бұл тізімге басқа да маңызды істерді қосуыңызға әбден болады.





JOO.KZ порталының курсына дайындалғанда will-do методын қолдануды ұмытпаңыз.