Жаңа Жылда жақсы кеңестерді еске салып, өмірді бір перезагрузка жасауға ұсынып отырмыз:
1. Заттарыңа байланып қалма. Заттар өткінші.
2. Көшеге шығып, адамдармен ортақ бір іс жаса. Мысалы, бірігіп аула тазалау.
3. Күйгелектеніп, асықпа. Бәрібір басынан бастап жасауыңа тура келеді.
4. Бәріне ұнауға тырыспа. Бәрібір ұнамайсың.
5. Қателесу – қате нәрсе емес. Тәжірибе жинайсың.
6. Жүрегіңе маза бермей жүрген ізгі арманыңды қайта-қайта ойлай бермей, іске асыр.
7. Мүмкіндік болса, билеп, ән айт. Стресті жояды.
8. Қолда бар нәрсеңді жоғалтпайынша, қадіріне жете алмайсың.
9. Дұрыс емес екеніңді ұқсаң, тәкаппарланбай, мойындап, кешірім сұра. Дәрежең көтеріледі.
10. Жалғыз емес екеніңді біл. Сен әрдайым құдайдың көз алдында, періштелердің қорғауындасың. Сосын барып ата-анаң, туыстарыңның қолдауындасың.
11. Әр нәрседен махаббат ізде. Анаңнан, бейтаныстан, арайлы күннен де. Біршама уақыт ізденістен соң, бәрі саған махаббатын төгіп тұратынын сезесің.
12. Адамдардан жақсылық іздесең, өмір сүру жеңілдегенін сезесің.
13. Суғарған жеріңнен ғана гүл шығады.
14. Ақша – мақсат емес, мақсатқа жету құралы.
15. Өміріңді өзіңнен басқа ешкім өзгерте алмайды. Басқалар тек жолдағы дәнекер ғана.
16. Білімің көп болғаны маңызды емес, қоғамға пайда тигізген ісің ғана маңызды.
17. Бурабайға, не болмаса көрші Өзбекстанға болсын қыдыр. Сондай жақсы сезініп қаласың.
18. Бірде-бір тірлік жасамасаң, мың мотивациялық кітапты оқысаң да, пайдасы жоқ.
19. Болашақты көп ойламай-ақ қой. Барлық күшің осы сәтке бағытталсын. Болашағың – қазір не істегеніңе байланысты. Өзіңді мықты маман ретінде дамытсаң, болашақта шет елге қыдырып, жүйрік машина мініп, зәулім үйде тұрасың.