Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Медициналық мамандыққа білім алуға болатын университеттер

Медицина университеттеріне түсу үшін биология мен химияны таңдау керек. Жоғарғы оқу орындары:

1. Астана медицина университеті.

2. М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті.

3. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.

4. Қарағанды медициналық университеті.

5. Семей медициналық университеті.

6. Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ.

7. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті.

8. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті.

9. Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы.

10. Қазақстан-Ресей медицина университеті.

11. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.


- Егер сен хирург, кардиолог, окулист, акушер-гинеколог болғың келсе, онда "Жалпы медицина" факультетінің бакалаврына түсесің. Онда 5 жыл оқисың. Гранттар саны 1575. Ең төменгі грант балы-117.


- Бакалаврдан кейін интернатураға түсу керек (2 жыл). Онда Жалпы дәрігерлік практика, Терапия, Хирургия, Акушерия және гинекология, Педиатрия бағыттары бойынша білім алуға болады. Интернатурадан кейін тек емханаларда жұмыс істей аласың.


- Ауруханада жұмыс істеп, операция жасау үшін резидентураға түсу керек (2-4 жыл). Тек 7 жыл оқығаннан кейін сен қандай дәрігер болатындығыңды таңдай аласың: кардиолог, нейрохирург, офтальмолог, дерматолог. Резидентурада кез келген мамандыққа конкурстық іріктеуден өтіп түсе аласың.


- Стоматологтар жалпы 6 жыл оқиды (5 жыл стоматология бакалавры, таңдаған бағыты бойынша 1 жыл интернатура). Гранттар саны 20. Ең төменгі грант балы-139.

Басқа мамандықтар туралы білу үшін JOO.kz мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандықтар» бөліміне өт.