Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Көп тіл білудің пайдасы қандай? 📚

Ғалымдар екі немесе одан да көп тіл білудің денсаулыққа ғана емес, психологиялық және экономикалық та пайдасы бар екендігін дәлелдеген. 


1. Неғұрлым көп тіл білсең, жаңа тілдерді үйрену соғұрлым жеңілдей түседі. Зерттеулер нәтижесінде, екі тілді еркін меңгерген адамдарға үшінші тілді үйрену әлдеқайда оңайырақ болатыны анықталған. Ал көп тіл білу сенің алдыңда көптеген мүмкіндіктердің ашылуына септігін тигізетіні сөзсіз. 


2. Тіл үйрену есте сақтау қабілетін жаттықтырып, Альцгеймер, деменция секілді ауруларға шалдығу қатерін төмендетеді. Сондай-ақ мидың жұмысын жақсартып, жаңа нейронды жасушалардың пайда болуына да әсер етеді. 


3. Бірнеше тіл білу ана тіліңнен бөлек, өзге тілде ойлануға, шешім қабылдауға және бір тілден екінші тілге оңайлықпен ауысуға мүмкіндік береді. Бұл қабілет, әсіресе, күрделі мәселелердің шешімін табуда және басқа елдің адамдарымен сөйлесу кезінде пайдалы бола алады.