Қазақша посттар
Мотивация

Грантқа түсу үшін бірінші нені түсіну керек?

Грантқа түсу үшін бірінші грантқа түспей қалудан қорқуды доғару керек. Мысалы, «Менің кітап жазып, жазушы болғым келеді, бірақ егер кітабым басқа адамдарға ұнамай қалса ше?»

Осындай ойлар адамды өзіне деген сенімділігінен айырып, өз армандарынан күдіктенуге мәжбүрлейді. Олардан арылудың неліктен маңызды екенін бүгінгі постта қарастыратын боламыз.

  1. Қателік жасау, сәтсіздікке ұшырау - қалыпты нәрселер. Оларға бола уайымдап, қорқудың еш қажеті жоқ. Егер өзгелердің не ойлайтынына мән беріп, сәтсіздікке тап болудан қорқатын болсаң, онда ешқашан да жетістікке жете алмайсың.
  2. Ешкім бәрін біліп туылмайды. Барлық нәрсе уақыт пен тәжірибе арқылы келеді. Сондықтан «Суретші болу үшін ең алдымен күшті сурет сала білуім керек немесе фотограф болу үшін суретке түсіре білуім қажет» деген сияқты өз қабілеттеріңе күмәнмен қарауға итермелейтін ойларды мүлде ойламауға тырыс.
  3. «Мен бәрібір де жетістікке жетпеймін», «Басқалар ҰБТ-дан 140 балл ала алмаса, бұл менің де қолымнан келмейді» деп айтып, өз болашағыңа өзің балта шаппа. Өзгелер жеңіліске ұшырап жатса, бұл сенің де жолың сондай болады дегенді білдірмейді. Сол үшін энергияң мен уақытыңды қорқыныш, сенімсіздік секілді негативті нәрселерге жұмсамай, өз-өзіңе сенімдірек болып, өзің қалағандай өмір сүруге ұмтыл! Сен оған лайықсың!