Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

2023 түлектері ҰБТ-ға дайындалмас бұрын не білу керек? 😱

Басыңа білім қонуы үшін көп нәрсеге тәуелдісің. Мысалы, мектептің білім деңгейі, мұғалімдерің, сыныптастарың, ауа райы, отбасың, сабаққа дайындалатын бөлмең, достарың, таңдаған пәндерің, т.б. Бұлардың санын 50-ге дейін жеткізе беруге болады. Олардың ішіндегі ең басты фактор – сенімділік. 2023 жылдың ҰБТ-сынан жоғары балл жинайтыныңа сенімді болсаң, жыл бойғы оқыған материалдарың басыңда қалады. Ал сенімді болмасаң, онда құр уақыт өлтіріп жүрмін дей бер.

Не үшін сенімділік осынша маңызды? Себебі ми бір жетістікке жететініне сенсе, бүкіл организмді ұйымдастырады. Ондай кезде жалқаулық, істі кейінге қалдыру секілді дерттер екінші орынға қалады.

Ал оқушы сенімділікке қалай жете алады?
1) Өзің сияқты оқушылар жыл сайын ҰБТ-дан 140 баллға дейін жинап жатыр. Солардың оқиғасын оқы, өзімен сөйлес.
2) Күн сайын жетістік күнделігін жүргіз. «Бүгін 15 есеп шығардым. Бір формуланы үйрендім. Тарихтан 20 бет оқыдым. Қазақ тілінен 5 ереже үйрендім», т.б. Әрине, мұның бәрі шын болуға тиіс.
3) ҰБТ-ға кіріп, сұрақтарды шемішкеше шағып, ең жоғары балл жинағаныңды елестет. Ми өтірік пен шындықты айыра алмайды. Осы визуализацияны елестете берсең, ми оны шындық деп қабылдайды. Осылайша сенімділігің өседі.
4) Еңбектен, еңбектен және тағы да еңбектен.