Қазақша посттар
2022-08-03 11:38 Мотивация

Арманда!

Армандау үшін бізге тек қана ойлау қабілетіміз жеткілікті. Әр адам армандауға құқылы. Бұл бізге қайда қарай жылжу керегін анықтайды. "Армансыз адам – қанатсыз құспен тең" демекші қанатсыз құс ұша алмайтыны белгілі ғой. Арманда! Сенің сол арманың ешқашан алдамайтынына сене біл.



Адам баласы егер дұрыс армандап, соған қарай бір нақты дұрыс қадамдар жасаса ғана сол мақсатына жете алады.


Әдетте адам баласына шабыт қалаған уақытта келе қоймайды. Ал жүрегіңде бір арманың болса, үнемі шабыттанып жүресің.

Арманымызды жүзеге асыруға ұмтылсақ, жоспарласақ, мақсат пайда болады. Мақсат – табысқа жетудің басты кілті. Арманымыз мақсатқа айналмай, сол арман күйінде қалса, одан ешқандай нәтиже шықпайды.


Міне, нағыз армандаудың себебі осыда. Мейлі сенің барлық арманың шындыққа айналмай-ақ қойсын, бірақ та орындалғандары саған қанат береді емес пе?!

Бірақ та оның орындалып немесе орындалмауы өзіңе байланысты... Арманда! Мақсатыңа жет!