Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

IT саласы: программист 💻

💻Программист – бағдарламаға код жазатын маман. Бағдарлама кез келген нәрсе болуы мүмкін: компьютер, видеоойын (Angry birds), веб (сайттар), бағдарлама (Microsoft Office Word), мобильді қосымша (JOO.KZ), керек десең тоңазытқыш, микротолқынды пешке дейін кете береді. Кодты жазудың бірнеше тілі бар, сөзден, символдан тұрады. Ең танымалдары: Java, Python, JavaScript, C, С++, Objective-C, Swift.


🖥Бағдарламашы «Ақпараттық технология» мамандықтар тобының ішіндегі бір мамандықты бітіреді. Айтишник, компьютерщиктер бәрі соның ішінен шығады. Олар түрлі профессияда істей алады: UIX-дизайнер, account-менеджер, система администраторы, devops, IT-проект менеджері, т.б.


Мамандықтың артықшылығы:🖇

1. Сұраныс көп. Карантиннің кезінде және Қазақстандағы цифрландыру саясаты сұранысты тіптен арттырып жіберді.

2. Жоғары еңбекақы. Портфолиоға қарай, жұмыс істеген жобаларына қарай, тәжірибесіне қарай маманның құны артады.

3. Қашықтықтан істеуге болады әрі еркін график бар.

4. Қызмет сатысымен жоғары өрлеуге мүмкіндік бар.


Мамандықтың кемшілігі:🔗

1. Ұзақ отырып жұмыс істеу. Оны кемшілік деп айтуға да келмейді. Адамның салауатты өмір салтын ұстанғанына байланысты.

2. Әрдайым жетілдіріп отыру. Бұл да солай. Өзіңді жетілдірмесең, кез келген жұмыста дамымайсың.


Қайда жұмыс істейді?🤨

1. Бағдарлама жасаушы компаниялар (Booking.com, Mail.ru, Yandex, Unisender)

2. IT бөлім (Каспи банк, BI Group, Chocolife)

3. IT қызмет ұсынатын компаниялар (Softline, Техносерв, Ланит, Ай-Теко) 2-курста оқып жүріп, компанияларға жұмысқа тұруға болады


Қандай қабілеттер бағаланады?😎

1. Логикалық ойлау

2. Есепке жүйрік болу

3. Шыдамдылық

4. Есте сақтау жақсы болса. Мектепте жүріп-ақ дайындықты бастауға болады. Математика, информатика, ағылшын тілін жақсы оқу керек. IT курстарға қатысып, базалық мәлімет жинауға болады. Кішігірім сайт, лэндинг пейдж, калькулятор сияқты нәрселер жасап көруге болады.