Ұлы істердің барлығы қарапайым ойлардан басталады. Саған мотивация беретін де, мотивацияңды өшіретін де, іске кірісуге итермелейтін де, жалқаулыққа ұшырататын да, ол тек қана - өз ойларың. Сондықтан ойларыңа сақ болып, тек қана жақсы ойларды ойлауға тырыс.
1. "Менің уақытым жоқ"
Егер үнемі "уақытым жоқ" деп айта беретін болсаң, бұл ой санаңда нық қалыптасып, шыныменде ештеңеге үлгермейтін боласың. Сол үшін де, "уақыт жоқ" деп айтудың орнына, күнделікті атқаратын істеріңді жоспарлап, әр іске теңдей уақыт бөлуге дағдылан.
2. "Бұл маңызды емес"
"Көркем әдебиетті оқудың не керегі бар?", "Математика маған керек емес" - таныс ойлар ма? Бұл ойлар сені көп нәрсені үйрену мүмкіндігіңнен айырып, басқа да қабілеттеріңді дамытуға кері әсерін тигізеді. Маңызды емес нәрсе болмайды. Кітап оқу есте сақтау қабілетіңді және креативті ойлауыңды дамытса, математика музыкалық қабілеттерді дамытуға көмектеседі.
3. "Менің қолымнан келмейді"
Иә, ешнәрсе оңайлықпен келмейді. Бірақ ең қиыны не екенін білесің бе? Ең қиыны: ешнәрсе істемеу және соның кесірінен мүмкіндіктерден айырылып қалу. "Менің қолымнан келмейді" деп айту арқылы сен өз болашағыңа өз ойларың арқылы өзің балта шабасың. Сондықтан қазірден бастап ойлан, ойларыңды сарала және не себепті олай ойлайтыныңды анықта.