Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Студенттік өмірді жеңілдетуге 6 кеңес

Студенттік өмірді жеңілдетудің тәсілдері:


1. Университетте оқығанда әрбір минуттың бағасы алтынмен тең. Сол себептен, уақытты үнемдеу мақсатында оқу кампусына жақын жерден үй табуға тырыс. Неғұрлым жақын болса, соғұрлым жақсы.


2. Ең оңай және тез жасалатын тағадамдар дайындап үйрен. Басқа қалада тұрсаң, әдеттегідей күнде кешкісін үйде анаң жасаған ыстық тамақ тұрмайды. Ал жеңіл-желпі тамақ жеймін деп, денсаулығыңды құртып алма. Ешқандай бургер үйдің тамағына жетпейді.


3. Ақшаны үнемдеп үйрен. Айтпаса да анық болар, жаңа жерге қоныс аударғанда бастапқы кезде ақша жағынан қиналасың. Мәселен, ірі қалаларда таксидің бағасы ең кемі 500 теңгеден басталады. Ал автобуспен жүрсең, бұдан бірнеше есе аз ақша жұмсайсың.


4. Оқуда озат болу үшін тек қана барлық үй жұмысын уақытылы орындау жеткіліксіз. Университетте пысық болу керек, кішкене қулық керек. Бәрімен тіл табысып, түрлі студенттік ұйымдарға да, сабағыңа да үлгеру керексің.


5. Таңертең ұйықтап қалмау үшін смартфоныңа бірнеше оятқыш орнатып, дауысын қаттырақ қой. Университетте мектептегі секілді «бүгін бармай-ақ қоямын, ауырып қалдым деп айта саламын» – деген сылтаулар жүрмейді.


6. Енді сенің киімдердіңді анаң жуып, үтіктеп беріп отырмайды. Сондықтан сабақ деп жүріп, гигиенаны ұмытып кетпе. Бұл жайлы көбіне айта бермейді, бірақ үйінен жырақ кеткен жасөспірімдердің есінде болуы керек ең маңызды заттардың бірі.