Боксты алғаш бастағанда мен жаттығу залында дайындық жүргізуді ұнатпадым. Тіпті әр минутты жек көрдім. Алайда бұл әрекетімнің қате екенін түсініп, өзімді іштей қамшылай бастадым. Өз өзіме: Ешқашан берілме. Бұл уақытша қиындық. Тер төккеннің арқасында кейін нағыз чемпион сияқты өмір сүресің , - дедім. Осы сөздерді мен сізге де айтқым келеді. Жетістікке жетем десеңіз шыдамды болуға тырысыңыз.
Адам бір-ақ күнде чемпион атанбайды. Чемпиондық әу баста арман, қиял секілді дүниелерден басталады. Сіздің жеңіске деген ынтаңыз бар ма? Сізді мақсаттарыңыз үшін таңертең тұруға септігін тигізетін не нәрсе? Ол әрине арман. Әрбір чемпион арман-қиялдарының арқасында жетістікке жетеді. Чемпиондар мақсатына жетпегенше ешқашан тоқтап қалмайды! Сондықтан сіз де өз арманыңызға жетпейінше тоқтамаңыз!
Айтқан әңгімеңізге біреуді сендірмес бұрын, бірінші өз-өзіңізді сендіру керек. Әли әр кездесуінің алдында өз-өзіне іштей былай деп айтатын: Мұхаммед Әлиді ешкім жеңген емес .
Кез келген адам өзгеру керек. Егер сізді бір жыл көрмеген адам кездейсоқ кездесіп сен өзгеріпсің десе, оған рақмет деп айтыңыз. Өмірде барлық нәрсе өзгеріске ұшырайды, өседі, жетіледі. Сіз де өзгеріңіз!
Қиялы жоқ адам - қанатсыз құспен тең . Біздің қанатымыз бар ол біздің қиялымыз. Сондықтан, барлық мүмкіндіктеріңізді дұрыс пайдалана біліңіз! Менің қолымнан түк келмейді дей көрмеңіз. Керісінше Менің қолымнан бұл іс келеді деп өз-өзіңізді қамшылаңыз. Сонда ғана жұмысыңызда береке болады.
Менің мақсаттарым мені әрқашан алға жетеледі. Сіз де күн сайын алдыға мақсат қойып, дұрыс жоспар құруыңыз керек. Себебі адамды алға сүйрейтін санасындағы мақсаттары.
Кез келген спортшы дайындықты жаттығу залында бастайды. Тер төккен адамнан сәйкесінше, мықты спортшы шығады. Атыңыз шыққаннан кейін қалтаңызға қаржы да бұрынғыға қарағанда молырақ түседі. Осы қаржыны адам сол кезеңде орынды жұмсай алмаса, оның арты жақсылыққа апармауы мүмкін. Мен өмірде көптеген адамды көрдім. Бір кісінің жолы бірден ашылып, күтпеген жерден қыруар ақшасы болады. Алайда ол осыған дейін мұндай көп ақшамен жұмыс істеп көрмеген. Арада жарты жыл өтпей жатып, бұл кісі бірден тоқырауға ұшарады. Бұл жерде менің не айтқым келіп тұрғанын түсінген шығарсыздар. Егер ісім өнсін десеңіз, ерте жастан бастап табысты болуға, табысты басқаруға бейімделуіңіз керек.