1. Алдыңа үлкен мақсат қоюға батылдық
Сен қолжетпес мақсатты қоюға батылсың ба? Егер адам қолжетпес мақсат орындауға талпыныс жасамаса, өмірінде үлкен табысқа жете алмайды. Дәл қазір әрекет етуді баста! Мүмкін емес деген сөзді ұмыт
2. Қателіктер санын арттыр
Қателеспеген жан ешнәрсе үйренбейді. Аз сәтсіздік арқылы үлкен табысқа жеткен адамдар бірен-саран.
3. Күш жігер
Арман-мақсатыңа жетемін деген жігер сені алдыға жетелеуі қажет. Ол саған жалқаулануға, ұйықтауға маза бермейді.
4. Жетістік үнемі жетілдіруді талап етеді
Бір орында тұрып қалу деградация мен регреске әкеледі.
5. Визуализация.
Өз ойыңдағы, идеалыңдағы өмірге ұмтыл. Мақсатыңды орындалған етіп көр.
Сабақ істеймін, жұмыс істеймін деп өткізген ұйқысыз түндердің жемісі міндетті түрде оралады. Өзіңнің күшіңе сене біл!