Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

3 нейролайфхак

Мидың жұмысын арттыратын 3 нейролайфхак

#1 лайфхак: Ми жинақылық пен логиканы жақсы көреді. Сондықтан мидың өнімділігін төмендетпей, алынған ақпаратты ұзақ уақытқа дейін есте сақтау үшін оларды қағазға жазып, тізімін құру керек. Әсіресе, ми маркермен белгіленіп, нөмірлермен тізілген ақпараттарды қатты жақсы көріп, соларды есте сақтап, көп уақытқа дейін ұмытпайтын көрінеді. 


#2 лайфхак: Ми сенің қозғалып, физикалық жаттығулармен айналысқаныңды қалайды. Бұл - бекер емес, себебі нейрогенез бағытындағы зерттеулер нәтижесінде физикалық жаттығулардың нейрондар санының өсуіне әсер ететіні бүгінде дәлелденіп отыр. Сондай-ақ физикалық белсенділіктің мидың есте сақтау бөлігі гиппокамптың жұмысына да, позитивті әсер ететіні белгілі болды. 


#3 лайфхак: Жүргізілген зерттеулердің бірінде адамдардың ақпаратты электронды құрылғыларға қарағанда қағазға жазғанда әлдеқайда жақсырақ есте сақтайтыны анықталды. Себебі ақпаратты қолмен жазғанда, ми оны маңызды деп санап, қорытып, есте сақтауға дайындап жатады. Ендігіде маңызды деректі электронды құрылғыларға емес, қарапайым қағазға жазып сақтауға кеңес береміз.