Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Орыс тілі мен әдебиеті пәндерін таңдаса қайда түсуге болады?

Осы екі пәнді таңдап, 3 түрлі мамандыққа түсе аласың. Олар: Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау; Филология; Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі. 

Оқуды бітіргеннен кейін мектептерде, балабақшаларда, колледждерде мұғалім, филолог болып, кітапханаларда, архивтерде, сондай-ақ БАҚ саласында редактор болып жұмыс істеуге болады.


Осы мамандықтарды Абай атындағы ҚазҰПУ, Гумилёв атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚазҰҚПУ-де жақсы оқытады.


Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі орта есеппен 110 мың және одан жоғары табыс табады. Гранттар саны – 350, шектік балл – 109.


Филологтар редактор, лингвист және аудармашы болып жұмыс істей алады. Оларға сұраныс жоғары. Алайда өту балы - 121. 100 грант бөлінеді. Айына 150 мыңнан және одан жоғары ақша табуға болады. Барлығы сенің жеке қабілетіңе байланысты.

Толығырақ ақпарат және басқа мамандықтар туралы білу үшін JOO.kz қосымшасында «Мамандықтар» бөліміне өт.