Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Істі кейінге қалдыру әдетінен құтылудың құпиясы

1. "Велосипедтің педалін айналдыру" әдісі

Көз алдыңа елестетші: велосипедке отырған кезде күш салып, жылдам қозғалуға тырысасың. Ал бір қозғалған соң, айдау біртіндеп жеңілдей бастайды. Аздаған күш салып, жылдамдықты бір қалыпта ұстап отырсаң болғаны. Бұл әдістің қалай жұмыс жасайтынын енді түсініп келе жатырсың ба?


Әдістің мәні мынада: алғашқы қадамды жасау әрдайым қиын. Велосипедті айдап кету үшін ең бірінші педальдарды айналдыруға максималды күш салу қажет. Ал велосипед бір қозғалып кетсе, ары қарай айдау оңайырақ болады. Сол сияқты бір істі қиын көріп, бастай алмай жүрсең, бар болғаны алғашқы қадамды жасасаң болғаны, кейін ол істі қалай аяқтап қойғаныңды білмей де қаласың.


2. Бұл әдіс үлкен бір істі кішкентай бөліктерге бөле отырып, атқаруды негізге алады. Тайм-менеджмент саласындағы атақты маман Глеб Архангельский ауқымды жұмыспен айналысуды "пілді жеу" процесімен байланыстырған. Себебі бір пілді жеу - өте үлкен іс. Бірақ егер пілді кішкене бөліктерге, бифштекстерге бөліп жейтін болсақ анағұрлым жеңілдей түседі. Дәл солай үлкен шаруаны кішігірім бөліктерге бөлетін болсақ, онда оларды жасау бізге аса қатты қиын болмайды әрі әрқайсысын мұқият орындауға мүмкіндік пайда болады.