Қателесу арқылы керемет тәжірибе жинайсың. Эдисон үйдегі лампаны ойлап тапқанша, мыңдаған эксперимент өткізген. Сәтсіз шыққан сайын келесі тәжірибеге көшкен. Бірақ алдыңғы сәтсіздіктерге анализ жасап, нені жасау керек, нені жасамау керектігін ескеріп отырған.
Адам жыланға бір тесіктен екі рет шақтырмау керек.
Майкл Джордан лақтырған добы мың рет далаға кеткен. 100 шақты ойында жеңіліп, 30 рет шешуші допты лақтырғанда қателескен. Әр қателіктен сабақ алып, әлем танитын чемпион болды.
Бір есепті қате шығардыңыз ба? Ештеңе етпейді, басқа методпен шығарыңыз.
Мамандық таңдаудан қателестіңіз бе? Ештеңе етпейді, қайта таңдаңыз.
Қазір тұрған жерің ұнамай ма? Ештеңе етпейді, басқа орынға ауысыңыз. Сіз ағаш емессіз ғой. Ұстазың ұнамаса, басқа ұстаз ізде. Мектебің ұнамаса, оқуға жағдай жасалмаса, басқа мектепке ауыс.
Ендеше, қателесуден тайқымаңыз. Қателесуден алынған әр тәжірибе кейін күліп еске алатын естелікке айналады.