Қазақша посттар

Өміріңнің ең қызықты кезеңін өткізуге лайықты университет

ЖОО таңдау да мамандық таңдау секілді маңызды қадам

Әрбір студент уақытын пайдалы, қызықты, өнімді өткізгісі келеді. Оған бірден-бір себеп болатын орын университет. ЖОО көп, бірақ ішіндегі ең жақсысы қайсы? Сондықтан ЖОО таңдау да мамандық таңдау секілді маңызды қадам . Біз таңдау жасаған КАЗГЮУ -дың артықшылықтарын санамалап шығамыз.





Өзіңнің уақытыңды өзің басқара алсаң, бос уақытыңды қалай өткізетініңді де өзің білесің. КАЗГЮУ Университетінде оқуды қысқа мерзімде аяқтай аласыз . Пәндер мен оқытушыларды өзіңіз таңдайсыз. Өзіңізге ыңғайлы сабақ кестесін жасай аласыз.



Қазір бұл университетте студенттік жобалар мен тың идеяларды талқылайтын коворкинг-орталық пен Open rooms бар. Сонымен қоса, Time cafe -де жақсы демалыс ұйымдастыра аласыз. Ашқарынға білім жүрмейді. Мұнда бір емес алты түрлі тамақтану орны бар.



Спортты сүйсеңіз, фитнес-зал жаныңызда. Кітапсүйер болсаңыз, елордадағы ең бай кітапхана да осында . Би, музыка, пікірсайыс үйірмелеріне қатысып, уақытты көңілді өткізуге болады.





Ең қызықты кезең жатақханада өтетіні белгілі. Басқа қаладан келген және шетелдік студенттер үшін университет айына 10 мың теңге тұратын жайлы Студенттер үйін ұсынады.



Диплом алған соң жұмысқа тұру ең қиын кезеңдердің бірі. Тәжірибесі жоқ маманды кім жұмысқа алсын! Ал жақсы университеттің дипломы сізге жұмысқа тұруға кепілдік бола алады. КАЗГЮУ бітірсеңіз, қазақстандық ірі компанияларды былай қойып, KPMG, Nestle, Deloitte, ERNST & YOUNG, Philip Morris сияқты шетелдік компанияларда қызмет атқара аласыз. Атамекен ҰКП зерттеу нәтижесі бойынша, КАЗГЮУ түлектерінің 88%-ы университет бітірген соң алғашқы айларда жұмысқа орналасады .





Қазақстандық дипломмен шетелде жұмыс істеуге бола ма? Әрине, егер сіз КАЗГЮУ бітірсеңіз! Ол кезде сіздің дипломды ұлттық және халықаралық FIBAA, IQAA, ACCA агенттіктері мойындайды . Мысалы, КАЗГЮУ дипломы Біріккен Араб Әмірліктерінде нострификация жасамай-ақ жарамды.





КАЗГЮУ бұл деңгейге қалай жетті? Мұның айқын жауабы - әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарын бітіріп, ТОП компанияларда қызмет атқарып жүрген мамандар сабақ береді . Оларда теориядан тәжірибе басым.