Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Қазақстанда 70% студент ақылы бөлімде оқиды 💸

Қазақстандағы Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің 70%-ы ақылы бөлімде оқиды екен.


Мұның 2 себебі бар:

1. Талапкерлер ҰБТ-ға дұрыс дайындалмайды.

2. Талапкерлер 4 университет пен 4 мамандық таңдауда қателеседі.

Мұндай қателіктерді жібермеу үшін нені білу керек:


-ҰБТ-ға дайындықты үзбеу керек. Тұрақтылық нәтижеге алып келеді


-Жүйелі дайындық. Тесттерді жаттап емес, тақырыптарды оқып дайындалу

-4 таңдау жасағанда гранттың мамандыққа бөлінетінін естен шығармау керек

-Гранттардың саны 73 мың болса, түлектер саны 170 мың. Бәсекелестік өте жоғары, сондықтан ҰБТ-ға немқұрайлы қарамау керек

-Тестілеуге 1 күн қалғанда дайындықты тоқтатып, демалу керек

-Өзіңе сену керек 🧡