Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

ҰБТ-да алған білім өмірде керек бола ма?

Оқушылардың жақсы көретін сұрағы осы. «Косинус, синустарды өмірде қолданбаймыз, олардың не керегі бар?» деп сабақ оқымауға аргументті алға тартады. Бірақ мәселе сендер ойлағандай қарапайым емес. Оқудың бұл системасын тәжірибесі мол ғалымдар құрастырған. Әрбір тақырыптың мектеп бағдарламасына ену себебі бар.


1) Мектепте берілетін білім оқушының таным көкжиегін кеңейтеді. Кез келген салада жан-жақты боласың. Шетелдік біреумен әңгімелесіп отырып «Килиманджаро» туралы айтып отырса, салаттың аты ма деп аңырап тұрмайсың. «Ал бізде Хан Тәңірі деген шың бар» деп әңгіменің көркін қыздыра түсесің.


2) Мектепте оқытылатын пәндер мидың әртүрлі бөлігін қозғалысқа түсіреді. Ал оның жеке тақырыптары бір-біріне ұқсамайтын миллиардтаған нейрондар байланысын түзеді.


3) Мектеп білімі әлемдегі барлық ғылыми жаңалықтардың кіріспесін үйретеді. Мектеп бітірген соң белгілі бір ғылымның соңына түсуге болады. Мысалы, кванттық физика туралы мектепте айтылмаса, оны өз бетіңмен білу, табу ықтималдығы аз.


4) Әлемдегі мектептің басым бөлігі жалпы білімнің базасын үйретеді. Қазақстанда дәл солай. Ал кейбір елдер тек белгілі бір салалар бойынша үйретеді. Мысалы, олар Қазақстанның қайда екенін білмеуі, атын естімеуі мүмкін. Ал бізде мұхиттағы көлемі алақандай аралдарға дейін оқытады.


5) Ең бастысы, ҰБТ-ға дайындалған біліміңмен университетке грантқа оқуға түсесің. Ол үшін үздік оқу системасымен дайындалу керек. Тез үйрену, үйренген нәрсені периодты түрде қайталау, жаңа білімді есте сақтау қажет. Осының бәрі JOO.kz курсында жинақталған.