Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Бақытты болғың келсе, бол!

Бақыт гормондары: дофамин, эндорфин, серотонин, окцитоцин. Олар ағзамызда бөлінген кезде өзімізді бақытты сезінеміз. Осы бақыт гормондарына әсер етіп, өзімізді жиі-жиі бақытты сезінуге бола ма? 

Иә! Ми қандай да бір қуанышты жағдайға тап болғанда, бақыт гормондарын бөледі. Осының ішінде эндорфин қандай жағдайда бөлінетініне тоқталып өтейік: 

Бұл гормон ағзада ауруды басу үшін бөлінеді. Мысалы, спортшы жарақаттанғанына қарамастан жүгіріп, мәреге жеткенде, оның организмінде дәл осы эндорфин гормоны бөлінеді. Басқаша айтқанда, эндорфин біздің физикалық түрде жұмыс істеп, шаршаған кезімізде бөлінетін гормон. 

Эндорфин гормонының көбірек бөлінуіне қалай әсер етуге болады? 

– Спорттың кез келген түрімен айналысу арқылы: йога мен пилатестен бастап, жеңіл және ауыр атлетикаға дейін. Бастысы, физикалық жаттығулармен өзіңді қатты шаршатып алмай, шамаңа қарай айналыс. Сонымен қатар эндорфиндер біз күлгенде және жылағанда да бөлінеді. 

Сонымен эндорфин гормоны арқылы стресстен арылып, эйфория күйіне ену үшін қандай да бір физикалық іспен айналысуға тырыс. Сондай-ақ әсерлі фильм қарап, бір жылап немесе күліп алсаң да болады.