Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Дүниежүзі тарихы пәнінен қалай дайындалу керек? 🧐

Дүние жүзі тарихы пәні - кәдімгі тарихтан өзгеше және мұнда мәліметтер көп болады. Ең жоғары балл жинау үшін тыңғылықты дайындық керегін білетін боларсың. Бірақта біздің саған ұсынған лайфхактарымыз саған өз көмегін тигізер.


- Ең алдымен өз деңгейіңді біліп алғаның жөн. Арнайы ҰБТ тест кітапшасын ал. Таныс сұрақтарды белгілеп, ал білмеген сұрақтар бойынша дайындалғаның жөн.

Тарихта ең көп кездесетін ол цифрлар және адам аттары. Жаттауға оңай болуы үшін бір параққа жазып көз алдыңда ілініп тұруына жағдай жаса.

- Қиын терминдерді жақсылап оқы, кейін оны өз сөзіңмен түсіндірмесін қағаз бетіне түсір.

Оқыған материалды күнделікті қайталап жүрген дұрыс.

- Әр санды немесе өзіңе жаттауға қиын сөздерді өз өміріңмен байланыстырып көр, солай жаттау оңай болады.

Дүние Жүзі тарихы үшін конспект өте маңызды. Оны жазып қана қоймай, қайталап жүрген дұрыс.

- Әр тақырыпты оқып болған соң, тест құрап жауап беріп көр. Есіңде қалу мүмкіндігі жоғары болады.

- Білмеген, түсінбеген тақырыптарды достарыңмен талқыла. Немесе мұғалімнен сұрағаның жөн болады. Білмей қалып кетсе сол бойы есіңінен шығып кетеді.

- Дайындықтан кейін демалған маңызды. Миыңды шаршатпа. Шаршаған ми жаңа материалдарды қабылдай алмайды.