Амал дос, адал дос дегенді естуің бар шығар. Ендеше біз саған тек адал достарың болуын тілейміз. Неге?
Жаман дос - сенің жетістіктеріңе қызғанышпен қарап, аяқтан шалатын, өтірік айтатын, оқуға, жұмысқа емес, қыдыру мен көңіл көтеруге итермелейтін адам.
Егер сенің ортаңда осындай адам болса, ол адаммен тығыз байланыспауға кеңес береміз. Досым жоқ болғаннан жақсы деп те ойлама.
Жаман достың зияны - сенің жарқын болашағыңа жасайтын қадамдарыңа кедергі жасауы. Ал саған ол керек емес.
Сондықтан да дос таңдауына мұқият қара. Адал достан артық адам жоқ.