Бірақ олар бір жыл бойына ештеңемен айналыспайды деген сөз емес. Әр адам бос уақытында не жасайтынын өзі таңдайды. Мысалы:
- Өзге елге немесе өз елінде саяхаттау;
- Өзіңізге ұнайтын бағыт бойынша курстар өту (программирование, дизайн, қаржы, медицина, мақсаты сіздің не қалайтыныңызды анықтау)
- Стажировкадан өту, қазір де көп компаниялар тек университет емес, мектеп бітірушілерді стажировкаға алады, стажер тәжірибе жинайды;
- Волонтерлік секілді еркін істермен айналысу;
- Спортқа көңіл бөлу, мысалы сіз айналыспаған әлі қанша спорт түрі бар: серфинг, дайвинг, альпинизм т. б.
- Университетке оқуға тесттерге дайындалу.
Gap year мақсаты болашақ студент университеттегі 4 жылын босқа өткізбей, адамның ішкі потенциалын ашу.
Өкінішке орай, Қазақстанда бала оқуға түспесе, бітті, ұят, енді тек жұмыс істеу қалды, не колледжге бармайтындар қаншама. Алайда, осындай бос уақыт болуының өз пайдасы бар, мүмкін осы уақытты пайдаланып өз бизнесіңізді ашып, оқудың қажет емес екенін түсінесіз, әлде ұнаған сфераңызды таңдап, университетте оқуға құлшыныңыз бұрынғыға қарағанда ашылады. Барлығы мүмкін. Тек 1 жылымды босқа жоғалттым деп қапаланбаңыз, керісінше өзіңіздің жолыңызды табуға тамаша мүмкіндік ретінде қараңыз.
Ал сіз gap year туралы білдіңіз бе?