Қазақша посттар

Мінсіз жұмыс қайда бар?

Бәріміз мінсіз (идеалды) жұмысты аңсаймыз. Біраз жылымызды ұнамайтын жұмысқа құртқымыз келмейді. Бірден армандағын жұмысты тапқымыз келеді. Ал мінсіз жұмыс деген не өзі?





Оның үш шарты бар деуге болады:



1. Жұмыста тұлғалық даму, кәсіби өсу деген болу керек.

2. Жұмыс ұнау керек. Тоқетерін айтқанда, таңертең жұмысқа барғыңыз келіп ояну керек.

3. Жұмыс жақсы пайда әкелуге тиіс. Көп болған сайын жақсы.





Құрметті оқушылар, мамандық таңдауға осы шарттарды ескеріңіздер. Бір мамандықпен шектеліп қалмаңыздар. Сіздер әлі білмейсіздер ғой не ұнап, ненің ұнамайтынын. Мысалы, Ақпараттық технология саласын таңдасаңыз, оны ұнатуыңыз керек. Ал оның ішінде сансыз мамандық бар. Кез келгенін істеуге болады. Жоғарғы оқу орнына түскенде оқу арқылы және компанияларда тегін практикадан өту арқылы ұнайтын ісіңді табуға болады.