Біздің ертегілерде бай адам сараң, жауыз, ал кедей адам мейірімді боп келеді. Оны оқыған бала кедей болу жақсы екен, бай болу жаман екен деп ұғады. Ақиқаты мынадай: бай болу, кәсіпкер болу сол елдің локомотиві. Байлық жүректе ғана емес, қолыңда тұрсын. Дәулетті адам мектеп те салады, көпір де тұрғызады, зауыт та салады. Шетелдің технологиясын сатып алып, елге әкеліп, жастарға үйретеді. Ал оны кедей адам қалай істейді? 😖
Бай болу үшін кәсіп керек, кәсіп жасау үшін білім және табандылық қажет. Алғашқы білім ҰБТ-дан грант ұтып, университетте оқудан басталады. Цукерберг, Билл Гейтс, Джефф Безос, Илон Масктардың өмір жолын зерттеп, қателігінен сабақ алып, ақылын үйреніп, кәсібіңді бастасаң, әрекетке берекет болады.
Ал билік ше? Жапонияны қазіргі деңгейге жеткізген бір адам бар: Тоетоми Хидэеси. Аймақтар арасындағы жүз жылдан бері жалғасқан соғысты тоқтатып, қарадан шығып хан болған адам. Бойы қысқа болса да, ұлан-асыр аймақты уысында ұстаған. Осындай тұлғалардың өмірін оқыған адам билікке біртабан жақындай түседі 💪🏻
Сенің қолыңнан бірінші келетіні жақсы оқып, университетке түсу. Ақша құртпай, университетте тегін оқу үшін біздің курсқа жазылсаң болады. Кішкентай қадамдармен үлкен белеске бізбен бірге жет 🌟